Қандай мектептер дәстүрлі форматта оқитыны айтылды

12 Қаңтар 2021, 12:53
1974
Бөлісу:
Қандай мектептер дәстүрлі форматта оқитыны айтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОКҚ-де оқу жылының үшінші тоқсаны туралы өткен онлайн брифингте ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова айтты.

Қазақстандық мектептерде үшінші тоқсан кеше, 11 қаңтар күні жоспарлы түрде басталды. Үшінші тоқсан 20 наурызға дейін жалғастырылады. Бұл тоқсанда дәстүрлі форматта оқыту екінші тоқсандағыдай 1-5 кезекші сыныптарда жалпы білім беретін мектептерде және халықаралық мектептерде 1-7 сыныптарда дәстүрлі форматта оқыту қарастырылған. Сонымен қатар, екінші тоқсандағыдай 300-ге дейінгі оқушысы бар мектептерде оқыту дәстүрлі форматта әрі қарай жалғастырылып келе жатыр, - деді вице-министр.

Сондай-ақ, ол үшінші тоқсанның ерекшелігіне тоқталды. 

9, 11 сыныптар жалпы білім беретін мектептерде және халықаралық мектептерде, НЗМ-де 10-12 мектеп бітіруші сыныптарда оқыту штаттық режимде жүргізу басталды. Осы сыныптарда оқыту бойынша пәндердің 70 пайызы штаттық режимде және 30 пайызы қашықтан оқыту форматында өтеді. Әр мектептің өзінде қай пәндерді штаттық форматта, қай пәндерді қашықтан оқыту бойынша шешімдер жеке қабылданады, - деп түсіндерді Каринова брифингте.

Оның айтуынша, барлық жағдайда да санитарлық-эпидемиологиялық талаптар ескеріліп, 15 оқушыға дейінгі сыныптар бөлініп оқыту жалғастырылады. Рұқсат етілген категорияларда, атап айтсақ, мектеп интернаттарда, жалпы білім беру интернеттарында, мектеп жанындағы және дарынды балаларға арналған интернаттарда тұрып оқу қарастырылған. 

Қажет болған жағдайда 5-ке дейінгі оқушыларды жинастырып, жеке кеңестер жүргізу де ұйымдастырылуда. Айта кететін бір мәселе – мұғалімдердің өздері бұған дейінгі оқу процесіндегідей оқушылармен жеке жұмыстарды жүргізеді. Яғни оқушылардың шешіме, ата-аналардың қалауы бойынша білімдеріндегі олқылықтарды жоюға байланысты кеңестер жүргізілуі тиіс, - деп айтты БҒМ өкілі.

Вице-министр айтқандай, штаттық режимді қабылдау шешімі жергілікті мемлекеттік санитарлық дәрігердің шешімдерімен бірге қарастырылатын болады.

Өзгелердің жаңалығы