Көршілермен әңгімелесуді азайтыңыздар - бас санитар

17 Сәуір 2020, 19:04
1695
Бөлісу:
Көршілермен әңгімелесуді азайтыңыздар - бас санитар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздің бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова көршілермен байланыс кезінде коронавирус жұқтырып жатқандар бар екенін айтты.

Инфекцияның таралуын талдаған кезде, бір науқастың 80-ге жуық адамға жұқтырғаны анықталды. Карантинде көршілер бір-бірімен сөйлесулерін тоқтатар емес. Сосын бір-біріне жұқтырады.  Бізде мұндай жағдайлар бар, - деді Есмағамбетова.
 Оның айтуынша, орташа есеппен бір науқас 30 адаммен байланысады,  соның 70 пайызы осы дертті жұқтырып алады екен.
Бұл толықтай симптомдары жоқ дені сау адамның басқаларға инфекция көзі екенін білдіреді. Яғни, ол айналасындағылардың бәрін жұқтыруды жалғастырады. Көршілер бір-бірімен сөйлесуін тоқтатпағандықтан, бір-біріне жұқтырып, тұтас подьезд болып ауырып жатқандар бар, - дейді бас санитарлық дәрігер.
  Жалпы, Қазақстанда қазіргі таңда коронавирус жұқтырған азаматтардың ауру белгісін байқамай немесе жеңіл түрде көтеретіндердің үлесі - 79 пайыз. Қалған 18 пайызы ауруды орташа жағдайда бастан өткерсе, 21 адамның жағдайы ауыр, ал 2 адамның жағдайы аса ауыр.
Өзгелердің жаңалығы