Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елорда әкімдігінің Facebook парақшасында өткен тікелей эфир кезінде Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Бағлан Сматаева төртінші тоқсанда оқушылардың қалай оқитынын айтты.
1 сәуірден төртінші тоқсан басталып, 25 мамырға дейін жалғасады. Қаладағы карантиннің күшейтілуіне байланысты қаланың барлық мектебі меншік нысанына қарамастан қашықтан оқиды. Мектеп бітіруші 9, 11-сыныптары үшін оқыту аралас форматта өтеді. Олардың оқыту пәндерінің 70%-ы дәстүрлі форматта, 30%-ы қашықтан оқытылады, - деді ол.
Оның сөзінше, ата-аналардың өтініші бойынша сыныпта 15 баладан артық асырмай ұйымдастырылады.
10 наурыздан бастап Тәуелсіздік сарайының базасында ҰБТ өтіп жатыр. Бүгінгі таңда 7 567 оқушының 490-ы тестілеуден өтті. ҰБТ маусым айының соңына дейін жалғасады. Қорытынды аттестаттауға өткізуге қатысты 9-сынып оқушылары үшін қорытынды аттестаттау 28 мамыр-7 маусым аралығында үш пәннен (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, математика) өтеді. 11-сынып оқушылары 1-10 маусым аралығында қазақ және орыс тілдері және ана тілі, алгебра және анализ бастамалары пәндерінен жазбаша түрде, Қазақстан тарихынан (орыс және қазақ тілдерінде) тестілеу түрінде өтеді, - деп түсіндірді Бағлан Сматаева онлайн брифингте.
9, 10, 11, 12-сыныптардың білім алушыларын қайта аттестаттау 11-20 маусым аралығында өтеді.