Италия халықаралық рейстерін қалпына келтірді

4 Маусым 2020, 04:35
1537
Бөлісу:
Италия халықаралық рейстерін қалпына келтірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бірлестік ұшақтары Нью-Йоркке ұша бастады. Компания үшінші тоқсанда өзінің рейстерін пандемияға дейінгі көрсеткішті 40%-ға дейін жеткізуді көздеп отыр, деп хабарлайды "Хабар 24".

Бірақ індеттен қаржылай қиындыққа тап болған бірлестіктің келешегі бұлыңғыр. Үкімет дағдарысты еңсеру үшін 3 миллиард еуро бөлгенімен, шығынды жабу қиынға соғуы мүмкін.

Оның үстіне Еуроодақ Италия үкіметінің бірнеше жыл бұрын әуе бірлестігіне қаржылай көмегін тексеруге кіріскен.

Айта кетейік, Alitalia 2008 жылы банкротқа ұшырап, үкімет 6 рет қолдау шарасын жүзеге асырған.


Өзгелердің жаңалығы