Өзгенің атына тіркелген SIM-карталар. Тексеріс басталды

21 Қазан 2019, 15:49
2875
Бөлісу:
Өзгенің атына тіркелген SIM-карталар. Тексеріс басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің телекоммуникациялар комитеті өзге азаматтарға тіркелген SIM-карталарды сату туралы қазақстандықтардың шағымдары негізінде Нұр-Сұлтан қаласындағы сауда нүктелеріне жоспардан тыс тексерулер жүргізуге  бастамашылық етті.

Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Виталий Ярошенконың айтуынша, алдын ала басқа азаматтардың атына тіркелген SIM-карталарды сату ұялы байланыс қызметтерін көрсету ережелерін бұзумен қатар, сатып алушыға әлеуетті қауіп төндіруі мүмкін.

"Егер азамат SIM-картаны сатып алса және сатушы оған нөмірді тіркеуді ұсынбаса, бұл нөмірдің басқа біреудің атына тіркелгенін білдіреді. Және нөмірдің иесі оны кез келген уақытта ажыратып тастауы мүмкін екенін түсіну қажет", - дейді Ярошенко.
Жүргізілген тексерулердің нәтижесінде ұялы байланыс қызметтерін көрсетуге келісім-шарт жасамай SIM-карталарды сату фактілері расталса, дилерлерге 100 АЕК дейін айыппұл салынады.

2019 жылғы 1 қаңтарда Қазақстанда абоненттік құрылғыларды тіркеу аяқталды. Қазіргі уақытта қолданыстағы барлық мобильді телефондар SIM-карта иесінің ЖСН-на тіркелген. 2018 жылы SMS хабарлама жолдау арқылы тіркелмеген ұялы байланыс құрылғылары  (2019 жылғы 1 қаңтарда) телефондағы SIM-картаға байланып, автоматты түрде тіркелді.


Өзгелердің жаңалығы