Ірі бизнес субъектілерінен мемлекеттік бюджетке 3 трлн теңгеден аса салық түскен

26 Қазан 2021, 12:55
7037
Бөлісу:
Ірі бизнес субъектілерінен мемлекеттік бюджетке 3 трлн теңгеден аса салық түскен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Мемлекеттік кірістер комитеті ірі салық төлеушілер департаментінің директоры Ануар Сүлейменов хабарлады. Оның айтуынша, мониторингте тұрған 343 салық төлеуші ірі бизнес субъектілері болып табылады.

Оның ішінде 98 субъект – жер қойнауын пайдаланушылар, 244-і – экономиканың әртүрлі секторларындағы ірі салық төлеушілер. Оларға мемлекеттік бюджетке 43,7% және республикалық бюджетке 51%-дан астам салық түсімдері тиесілі, - деп атап өтті Ануар Сүлейменов.

Сондай-ақ департамент директоры ірі бизнес субъектілерінен ел қазынасына түскен түсімдердің көлеміне тоқталды.

Мәселен, биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша ірі бизнес субъектілерінен мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдер 1 270 млрд теңгеге немесе 36%-ға ұлғайып, 3 302,3 млрд теңгені құрады, - деді ведомство басшысы.

Айта кететін жайт, республикалық бюджетке түсімдер 840,1 млрд теңгеге немесе 50%-ға ұлғайып, 2 520,7 млрд теңгеге жеткен.

Өзгелердің жаңалығы