Иранда бір тәулікте 107 науқас қайтыс болды

14 Маусым 2020, 17:34
1993
Бөлісу:
Иранда бір тәулікте 107 науқас қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Иранда өткен тәулікте коронавирус құрбандарының саны 100-ден асты. 

Мұндай көрсеткіш соңғы екі айда алғаш рет тіркеліп отыр, деп хабарлады РИА Новости.

Мәліметтер бойынша, бір тәулік ішінде COVID-19 вирусын 2472 адам жұқтырып, 107 адам көз жұмған.

Соңғы рет мұндай көрсеткіш сәуір айының ортасында тіркелген. Маусымда науқастар саны айтарлықтай артқан соң, нәтиже осындай болып отыр.

Иран билігі коронавирус туралы алғаш хабарлаған кезден, яғни 19 ақпаннан бастап жұқтырғандардың жалпы саны 187 427-ні құрады. Бүгінге дейін көз жұмғандар саны 8 837-ге жетті. 148 674 адам емделіп шықты.

Өзгелердің жаңалығы