Иранның АҚШ-пен соғысу ниеті жоқ

15 Мамыр 2019, 11:12
2199
Бөлісу:
Иранның АҚШ-пен соғысу ниеті жоқ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Республика АҚШ-пен ядролық келісімге байланысты келіссөз жүргізуді жоспарламайды. Иранның жоғарғы көшбасшысы Али Хаманеи АҚШ-қа әскери қарсылық көрсетуге тырыспайды. Бұл туралы Fars агенттігі жазады. 

«Соғыс болмайды, Иран халқы Америкаға қарсы тұру жолын таңдады және бұл қарсыласу оның кейін шегінуіне себеп болады», - деді Хаменеи.

Ол қарсы тұру әскери формада болмайтынын және ешқандай тарап қарулы қақтығыстың болғанын қаламайтынын айтты.

«Бұл Иран мен АҚШ еркінің қақтығысы. Біздің еркіміз күштірек, себебі ерікке қоса біз Құдайға сенеміз», - деді аятолла. 

Сонымен қатар, Иранның жоғарғы көшбасшысы АҚШ-пен Иранның ядролық және зымырандық бағдарламаларына қатысты келіссөз болмайтынын сендірді. 

Бұған дейін америкалық президент Дональд Трамп егер Иран АҚШ-қа қарсы қандай да бір қадам жасаса, «қатты зардап шегеді» деген болатын.

10 мамырда Пентагон Таяу Шығысқа USS Arlington десант-тікұшақ кемесін және Patriot кешенін жіберуді мақұлдады. Оған дейін аймаққа Abraham Lincoln ұшақ тасымалдағышы мен қосымша бомбалаушылар тобы жіберілген еді.

Өзгелердің жаңалығы