Интернеті жоқ ауылдардың оқушылары мектепке барып оқиды – Ярошенко

26 Тамыз 2020, 15:38
2422
Бөлісу:
Интернеті жоқ ауылдардың оқушылары мектепке барып оқиды – Ярошенко

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Виталий Ярошенко ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Оқу жылына дайындыққа келетін болсақ, бұл мәселе бойынша көп сұрақ болды. Мектептер мен оқушылардың интернетпен қамтылу деңгейі талқыланды. Білім және ғылым министрлігімен бұл мәселелерді талқыладық. Интернеті жоқ ауылдардың оқушылары мектепке барып оқиды, - деді ол. 

Өз кезегінде «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев пандемия басталғалы интернет арқылы түсетін өтініштер саны артқанын айтты. 
Компаниямызға тәулігіне 2500 өтініш келіп түсетін болды. Абоненттерді біз әртүрлі әдіс арқылы қосып жатырмыз. Білім беру нысандарын интернетпен қамту бойынша шалғай ауылдарға талшықты-оптикалық байланыс желілері тартылады. Биыл аймақтарға 9 мың шақырымнан астам желі тартылды. Оларға жыл соңына дейін тағы 800-ден астам ауыл кең жолақты интернетпен қамтылады. Ол бойынша мобильді қызметтер де қосылады. Жоба елдің барлық облысында жүзеге асырылып жатыр, - деді ол. 

Ол атағандай, 256+ халқы бар жергілікті жерлерді қамту жобасы жүзеге асырылып жатыр. 
Күні кеше өңірлерге шығуды бастадық. Ақмола облысындағы ауылдарды желіге қостық. «Қазақтелеком» АҚ оқу жылына сақадай сай. Жыл соңына дейін жұмыстың тиімділігін өздеріңіз көресіздер деп ойлаймын, - деді ол.



Өзгелердің жаңалығы