Бас жаңалықтар
Интернет еркіндігі рейтингі жарияланды. Қазақстан нешінші орында?
29 Қыркүйек 2020, 12:25 194

Интернет еркіндігі рейтингі жарияланды. Қазақстан нешінші орында?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан әлем елдері рейтингінде интернет еркіндігі деңгейі бойынша 50-орынға дейін төмендеді. Еліміз Қырғызстаннан айтарлықтай төмен орынға, ал Ресеймен қатар рейтингке жайғасты. 

Ranking.kz жыл сайын Freedom House ұйымы әлем елдеріндегі интернет бостандығының жай-күйі туралы зерттеу мен оның рейтингін жариялайтынын жазды. Рейтинг баспа, хабар тарату және онлайн-бұқаралық ақпарат құралдарының еркіндік дәрежесін бағалайды.

Интернет еркіндігі бойынша бірінші орында Исландия орналасқан. ТОП-5 елдің қатарына Эстония, Канада, Германия және Австралия кірді. Рейтингке 65 ел қатысты.

Сонымен қатар Қазақстан мен Судан рейтингтегі деңгейлері төмендеді. Мысалы, 2019 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Таиланд пен Ресейдің ортасына орналасып, 50-ші орынға түсті. Осыдан 1 жыл бұрын елеміз 46-орында болатын. Бұл рейтингте ҚР-ны басып озған елдер - Беларусь (48-ші орын), Әзербайжан (45-ші орын), Қырғызстан (25-ші орын).

Рейтингтегі бағалау көрсеткіштер:

- Интернетке қол жетімділікке кедергі (қол жеткізуге инфрақұрылымдық және экономикалық кедергілер, интернет-провайдерлердің меншік құқықтарын заңды бақылау және бақылау, сондай-ақ, реттеуші органдардың тәуелсіздігі);

- мазмұнға қатысты шектеулер (веб-сайттар мен мазмұнды бұғаттау, цензура);

- пайдаланушының құқықтарын бұзу (интернеттегі әрекеттерді бақылау, құпиялылық).

Жалпы рейтингте үш шартты топ бар: 

- «еркін» интернет

- «жартылай еркін» интернет

- «еркін емес» интернет. 

Қазақстан топқа еркін емес интернетпен кірді.

Freedom House сарапшылары интернет бостандығының деңгейі тоғызыншы жылы нашарлайды дейді. Freedom House сарапшылары интернет еркіндігі деңгейі тоғызыншы жыл қатарынан нашарлап бара жатқанын алға тартады. Сондай-ақ олар әлемдегі мемлекеттік органдар технологияларды цифрлық авторитаризм құралы ретінде қолдана отырып, өз азаматтарын манипуляциялау және бақылау үшін әлеуметтік медианы қолданып келе жатқанын қосты, - делінген ақпаратта.

Ағымдағы жылдың қыркүйегіне қарай елімізде интернетке қолжетімділігі бар 15,3 млн ұялы байланыс абоненті бар - өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,4%-ға артық (15,1 млн абонент). Соңғы бес жылда мобильді интернет абоненттерінің саны жылына орта есеппен 7,7%-ға өсіп келеді.

Тіркелген Интернет абоненттерінің саны бір жылда 1,2%-ға, 2,5 млн бірлікке дейін төмендеді.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...