Бас жаңалықтар
Индонезиядағы жер сілкінісі: Қаза болғандар саны артты
16 Қаңтар 2021, 11:40 247

Индонезиядағы жер сілкінісі: Қаза болғандар саны артты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қайтыс болғандар саны 40-қа жеткен, деп жазды ria.ru.Channel News Asia телеарнасына сілтеме жасап.

Индонезияның табиғи апаттармен күрес басқармасының мәліметі бойынша, 34 адам Мамуджу округінде, сегіз адам Маджен округіне қаза болды. Бұған дейін жер сілкісінісінен 600 адам зардап шеккені хабарланған болатын.

Айта кетейік, 15 қаңтарға қараған түні Индонезияның Сулавеси аралында 6,2 баллдық қатты жер сілкінісі болды. 

5 мыңға жуық адам өз үйлерін тастап, бас сауғалауға мәжбүр болған. Бастапқыда жер сілкінісінен жеті адамның қайтыс болғаны және жүздеген адамның жарақат алғаны хабарланды. 

Ел президенті Джоко Видодо табиғи апат салдарынан қаза болған жандардың отбасыларына қайғыларына ортақ екенін білдіріп, көңіл айтты.


Фото: дереккөз
Загрузка...