Індет кетеді, қоқыс қалады

21 Тамыз 2020, 11:55
5935
Бөлісу:
Індет кетеді, қоқыс қалады
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әлемде коронавирус инфекциясы таралуына байланысты карантин енгізіліп, шекаралар жабылды. Енгізілген карантин экологиялық жағдайды жақсарта түсті. Алайда ауа ластануы тоқтағанымен, қоқыстың жаңа түрі қауіп төндіре бастады. Осы ретте елорда көшелерінде шашылып жатқан маска қоқыстарын суретке түсіріп, репортаж әзірледік.

Естеріңізде болса, президент Қасым-Жомарт Тоқаев кеңейтілген Үкімет отырысында экология саласындағы проблемаларды көтерді. Сондай-ақ президент мектептерде балаларға экологиялық білім беру пәнін енгізіп, халықтың экологиялық сауаттылығын арттыру қажет екенін айтты.    

Карантин енгізілгелі адамдардың қызметі баяулады. Кәсіпорындар уақытша жабылып, халықтың басым көпшілігі қашықтан жұмыс істеді. Сондай-ақ, карантин енгізілгеннен бері әлемнің көптеген елінде ауа сапасы жақсарып, өзендер мен көлдер айтарлықтай тазара түсті. Алайда қатаң карантин режимі жеңілдетілген соң, халық үйлерінен шыға бастады. Маска режимі сақталды. Осылайша, көшелерде шашылап жатқан маскаларды жиі кездіре бастадық.   

AB4F2E99-D3AF-47CD-BF3B-59943CD9D9D0.JPEG


  Қолданылған маскаларды қалай жояды?   

Қала аумағында орналасқан ОСО мен супермаркеттерде арнайы эко қораптар қойылды. Ол экоқораптар пайдаланылған маскалар, қолғап пен антисептиктерді жинауға арналған. Жалпы 80-нен астам жәшіктер орнатылған. Нұр-Сұлтанда пайдаланылған маскалар мен қолғаптарды, антисептик қалдықтарын 1250 градустағы температурада жояды. Оны термикалық жағу аппаратының көмегімен күйдіру арқылы жояды, осылай өңделгеннен кейін тек тазартылған бу ғана қалады.   

de61a533-e5a9-487a-8e5f-d3a611521a7f.jpg

Өздеріңіз білетіндей, бір реттік қолданылатын маскалар, қолғаптар, қорғаныс костюмдері миллиардтаған тиражбен шығарылады. Пайдаланылғаннан кейін олар қоқысқа кетеді және кейбірі желмен жерге, суға ұшады.   

6f6d5826-ef43-40d3-8637-93642b760d2d.jpg

      Медициналық маскаларды қалай қолдануға болады?   

- бір рет қолданылатын маскалар; 

- масканы аузын, мұрнын және иегін жабатындай етіп кию керек. Бұл жағдайда ол тығыз бекітілуі керек. Егер маскада баулары болса, оларды мықтап байлау керек. 

- маскада арнайы қатпарлар болған кезде оларды ашу керек, ал мұрын аймағында тігілген икемді пластина болған жағдайда, оны бетке неғұрлым толық жанасуды қамтамасыз ету үшін мұрынға мықтап бүгу керек.   

- масканы қолданған кезде сүзгілеу бетіне қолды тигізбеу керек.   

- медициналық ұйымдарда және үй карантиніндегі адамдар масканы кемінде 2 сағатта 1 рет ауыстыру керек.   

- егер маска дымқыл немесе ластанған болса, жаңа таза және құрғақ маска киіңіз. Бір рет қолданылатын маскаларды қайта пайдаланбаңыз.   

- пайдалану кезінде медициналық масканы ұстамаңыз. Медициналық масканың сүзгіш жағынан ұстамай, резеңкесінен шешу керек. Оны шешкеннен кейін бетіңізді ұстамаңыз және қолды бірден жуыңыз.    

Маскалар мен қолғаптарды жоюға қойылатын талаптар   

COVID-19 аурулары бар карантиндік орталықтарда, провизорлық және инфекциялық стационарларда, COVID-19 симптомдары бар науқастар және олармен байланыста болған адамдар пайдаланған маскалар «В» тобының қалдықтарына жатады. Олар арнайы пакеттерге салынып, жойылуға жіберіледі.   

2c59545f-fb62-404c-bdc6-70ba838ae326.jpg

Денсаулық сақтау ұйымдарында пайдаланылған жеке қорғаныш заттары «Б» тобының қалдықтары ретінде жойылады. Яғни олар эпидемиологиялық қауіпті медициналық қалдықтар.

Үй жағдайында пайдаланылған медициналық маскаларды жеке пакетке жинап, оны тығыздап жапқаннан кейін ғана қоқысқа лақтыру керек.   

Халық пайдаланатын медициналық маскалар «А» тобының медициналық қалдықтарына жатады. Яғни олар қауіпті емес медициналық қалдықтар ретінде полигондарға шығарылады.   

Пайдаланылған жеке қорғаныс құралдары қалдықтарының үш санаты:

«А» - тұрмыстық қалдықтарға ұқсас қауіпті емес медициналық қалдықтар;
«В» - эпидемиологиялық қауіпті медициналық қалдықтар;
«В» - эпидемиологиялық өте қауіпті медициналық қалдықтар.   

  Міндетті маска режимі экологтарды алаңдатуда   

Бір реттік қорғаныс құралдарын қарапайым қоқыспен немесе қайта өңделетін материалдар контейнерлеріне тастауға болмайды. Мұндай қалдықтардың қауіптілік деңгейі кәдімгі пластикке қарағанда жоғары.   

Қазақстандағы экологиялық ұйымдар қауымдастығының экология жөніндегі менеджері Төлебай Әділовпен әңгімелесіп көрдік.   

Қолданылған маскалар, қолғаптар, майлықтар вирустық инфекция көзі бола алады. Бірақ, осыған қарамастан, жеке қорғаныс құралдарын аулада, көшеде, кіреберісте немесе қалалар мен ауылдардағы дүкендер маңынан жиі көруге болады. Адамдар оларды қалай дұрыс жою керектігін білмейтіндіктен осылай лақтыра салуы да мүмкін. Медициналық қоқысқа байланысты жағдай бұрыннан өзекті. Көптеген жерде тек маскалар мен қолғаптарды ғана емес, сонымен қатар қауіпті медициналық қалдықтар, мысалы сынап термометрлері мен жарамдылық мерзімі өткен дәрі-дәрмектерді қауіпсіз түрде қоқысқа тастау мүмкін емес. Мұндағы негізгі мәселе медициналық қоқыс қатты тұрмыстық қалдықтардың құрамына кірмейді, бөлек ережелерге бағынады және қатаң өңдеуді талап етеді, - дейді эколог.
ДДҰ нұсқаулығына сәйкес, қолданылған медициналық маскаларды ауа өткізбейтін жолмен - жеке пакеттерге немесе жабық контейнерлерге тастау керек. Содан кейін олар аралас тұрмыстық қалдықтармен араласып кетеді. 

Төлебай Әділовтің сөзінше, жеке қорғаныш заттарын тастаудың карантин кезіндегі қиынырақ нұсқалары да бар. Мысалы, пайдаланылған маскаларды жинайтын медициналық мекемеге апарып, жою үшін, яғни жағу үшін тапсыруға болады. Ол медициналық жабдықтар қала сыртындағы пештерде жойылады.

Нұр-Сұлтанда пайдаланылған заттар газ тәрізді күйге айналдырылады. Тіпті буды арнайы камерада залалсыздандырады. Технология адам денсаулығына және атмосфераға қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Қазақстандағы жалғыз жылу термиялық бейтараптандыру қондырғысы сағатына 50 келі қалдықты жоюға қабілетті. Үш камералы өңдеуден кейін өнімдерден тек тазартылған бу қалады. Газдар 1,200-1,250 градус температурада залалсыздандырылады. Содан кейін газды тазарту жүйесі арқылы атмосфераға толығымен қауіпсіз түрде шығарылады. Жойылуға жіберілетін маскалар мен қолғаптар қазіргі кезде жұмыс істеп тұрған барлық сауда орталығы, супермаркет пен базардан келеді. Олардың әрқайсысына Нұр-Сұлтан әкімдігі эко жәшік орнатты. Онда тұрғындар пайдаланылған жеке қорғаныш заттарын тастай алады. Ондай қораптың қалада 80-нен астамы орнатылды. 

Оларды «Клин сити» компаниясы жаңасына тегін ауыстырып тұрады. Ал «Казэкотек» коронавирустың таралуын болдырмау үшін қоршаған ортаға зиян келтірмей, медициналық өнімдерді барлық экологиялық және санитарлық нормаларға сәйкес қайта өңдейді, - деді Төлебай Әділов.   
Алайда мұндай шаралар тек елордада ұйымдастырылған. Еліміздің барлық қаласы мен халық көп шоғырланған аймақтарында да орнату қажет. 

  «Күніне көшеден 20-30 дана маска жинаймын» 

Көшеден маскаларды жиі жинаймыз. Адамдар шашып тастамай, орнатылған жәшіктерге салып жүрсе деген өтінішім бар. Күніне шамамен 20-30 дана маска жинап, оны пакетке салып, аузын байлаймыз. Қазір ауру жүріп тұрған уақытта маскаларды шашып кете салуға болмайды. Тәртіпке бағынған дұрыс. Біз маскаларды қолымызға қолғап киіп, қоқыс жинайтын арнайы темірмен тереміз. Өзіміз де денсаулығымызды сақтау үшін санитарлық талаптарды сақтап, қорғанып жүрміз, - дейді тазалық сақшысы Бұлбұл Арап. 
3B6B5EA0-FC6E-4CC5-8CAF-5321E001F730.JPEG


  
Экологтар көп реттік маскаларды қолдануға кеңес береді   

Шетелдік мамандардың айтуынша, бір масканың өзі жүздеген жыл бойы ыдырайды. Қазірдің өзінде оның қалдықтары балықтардың асқазаны мен тұздан табылып жатыр. Мамандар «тұрғындардың көбі медициналық қорғаныс құралдарын қалай кәдеге жаратарларын білмейді», дейді. 

Көп елде, ол үшін қолайлы жағдай да жасалмаған. Осы ретте экологтар көп реттік маскаларды қолдануға кеңес беріп отыр. 

bdbdb101-df62-43b2-aac4-283adc863887.jpg


Өзгелердің жаңалығы