Гватемалада Еta дауылынан 50-ден астам адам қаза тапты

6 Қараша 2020, 10:10
1491
Бөлісу:
Гватемалада Еta дауылынан 50-ден астам адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дауылдан туындаған су тасқыны Орталық Америкадағы жүздеген тұрғын үй мен бірқатар жолды зақымдады.

Гватемалада 50-ден астам адам Еta дауылынан туындаған су тасқыны мен көшкіннің құрбаны болды. Мұндай мәліметті бейсенбі күні кешке Республика президенті Алехандро Джамматтей жариялады, деп жазды  korrespondent.net.

Таңертең төрт адамның қаза болғаны хабарланған еді, қазір олардың саны 50-ден асады, - деді Мемлекет басшысы. 

Президенттің баяндамасы ел үкіметінің Twitter-дегі ресми парақшасында жүргізілді.

Ел билігі Альта Верапас, Исабаль, Киче, Петен, Сакапа, Санта-Роса, Чикимула, Хутиапа және Эль-Прогресо департаменттерінде апат режимін жариялады. Табиғи апат әсіресе, Альта Верапас, Исабаль, Киче және Петен департаменттернеі қатты залал келтірді.

Сонымен бірге, Панамада Еta дауылынан туындаған қатты жаңбыр кем дегенде бес адамның өмірін қиып, сегіз адам хабар-ошарсыз кетті деген хабар тарады. Бұл туралы бейсенбі күні кешке «la Estrella de Panamá» газеті жазды.

Панаманың ұлттық азаматтық қорғаныс жүйесінің есептері бойынша дауыл соққысы бір мыңнан астам адамға материалдық залал келтірді. Су тасқыны мен көшкіннің салдарынан көлік байланысы үзілген елді мекендерде жүздеген адам қалды.

Болжам бойынша, Еta тропикалық дауылы жұмада Кариб теңізіне оралады, онда ол қайтадан күш жинап, Кубаға қарай бет алуы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы