Грузиядағы қазақстандық бойжеткеннің өліміне кінәлі адам 8 жылға сотталуы мүмкін

8 Мамыр 2021, 11:46
3087
Бөлісу:
Грузиядағы қазақстандық бойжеткеннің өліміне кінәлі адам 8 жылға сотталуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Грузияның Бас прокуратурасы ұсталған күдіктіге зорлау және өзін-өзі қол жұмсауға дейін жеткізу ісі бойынша айып тақты.

Бұл туралы ведомство сайтына сілтеме жасай отырып zakon.kz хабарлады.

Тергеу нәтижесі бойынша биылғы жылдың 5 мамырында ұсталған күдікті өлтірем деп қорқытып, бойжеткенді зорлағаны анықталды. Салдарынан ауыр психологиялық жағдайда болған қыз өз-өзіне қол жұмсаған, - делінген хабарламада.
Егер кінәсі дәлелденса, ер адам 8 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Кеше ҚР СІМ Грузиядағы қазақстандықтың өліміне қатысты ресми мәлімдеме жасады.

Еске салсақ, 6 мамырда 26 жастағы қазақстандық Әсел Айтпаеваның жұмбақ жағдайда көз жұмғаны хабарланды. Марқұмның Айна есімді әпкесі оның өлімінің өз нұсқасын айтты. Айтуынша, оған алыс туысқандары Грузияға баруға ұсыныс жасаған. Кейіннен туысқанының күйеуі оны зорлап, жергілікті кәсіпкерге сатып жіберген көрінеді. Салдарынан қызды өлтірген немесе зорлық-зомбылыққа шыдай алмаған қыз өз-өзіне қол жұмсаған.


Өзгелердің жаңалығы