Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан азаматы Әсел Айтпаеваның өліміне күдікті грузиялық Бесик Тордуа қайтыс болды. Бұл туралы Sputnik-georgia.ru хабарлады. Грузия азаматы 26 жастағы қызды зорлады және өз-өзіне қол жұмсауға итермеледі деген күдікке ілінген болатын.
Бастапқыда түрмеде қайтыс болды деп тараған ақпаратты Бесик Тордуаның адвокаты Лаша Шукакидзе емханада қайтыс болды деп түзетті.
Оның айтуынша, күдікті түрмеден «Вива мед» емханасына бір апта бұрын жеткізілген.
Бесик Тордуа кеше түнде қайтыс болды. Ауруханаға жатқызылған сәтте есін білетін. Ота жасалуы қажет деген шешім қабылданды. Отадан соң есін жимады, комаға түсіп кетті. Дәрігерлер өткізген консилиумнан соң түнде аппараттан өшіру туралы шешім қабылданды, - деді заңгер.
Күдіктінің қорғаушысы өлімнің нақты себебін сараптама жұмыстары анықтайды деп отыр.
Еске салайық, Әсел Айтпаева 5 мамыр күні Тбилисиде өлі күйінде табылған болатын. Суицид жасады деген қыздың өліміне полиция келесі күні Бесик Тордуаны ұстады. Оған 26 жастағы қызға зорлық көрсетті және артынша өлімге итермеледі деген айып тағылды. Марқұмның туысы Мұрат Мейірбеков те күдікті ретінде ұсталды.
Бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының тергеу соты күдікті Мейірбековті қамау мерзімін ұзартқанын жазған болатынбыз.
Оқи отырыңыз: