Грекияда тағы да локдаун жарияланды

8 Қараша 2020, 09:11
1531
Бөлісу:
Грекияда тағы да локдаун жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Грекияда екінші рет локдаун жарияланды, деп жазды «Хабар 24». 

Оған елдегі коронавирус жұқтыру деректерінің күрт көбеюі себеп. Жаңа шектеу енді 30 қарашаға дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында жоғарғы сынып  оқушылары үшін мектептер жабылады. Дүкендер мен дәмханалар, жаттығу залдары да қызметін тоқтатады. Мейрамханалар тек тапсырыс бойынша жұмыс істейді. Бұған қоса тұрғындардың өңіраралық сапарға шығуына тыйым салынады. 

Ал ел аумағына кіргісі келетін туристер алдымен теріс нәтижелі ПТР-тест анықтамасын ұсынуы қажет. Шетелге шыққысы келетіндерге де талап дәл осындай.  

Айта кетейік, Грекияда осымен төртінші күн қатарынан 2 мыңнан астам вирус жұқтыру дерегі тіркеліп келеді. Қазір бұл елде инфекцияға шалдыққандардың жалпы саны 52 мыңнан асады. Ал қайтыс болғандар 715-ке жетті.


Өзгелердің жаңалығы