Бас жаңалықтар
Головкиннің үшінші баласы өмірге келді
18 Қаңтар 2019, 16:21 2093

Головкиннің үшінші баласы өмірге келді

Астана, BAQ.KZ. Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің үшінші баласы дүниеге келді. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы хабарлады. 

"Қазақстан бокс федерациясы Геннадий Головкинді ұлды болуымен құттықтайды! Геннадий мен оның отбасына зор денсаулық пен аман-саулық тілейді", - деп жазды хабарламада.

Айта кетейік, Геннадий Головкин 2007 жылы шаңырақ көтерген. 2009 жылы Вадим есімді тұңғыш ұлдары өмірге келді. 2017 жылы боксшының отбасы қыз баламен толықты. Алайда оның есімі жариялаған жоқ. Головкиннің ұлы Лос-Анджелесте хоккеймен шұғылданады және осы спорт түрінен жетістікке жеткісі келеді.
Загрузка...

Сізден жаңалық