Головкин украиналық Сергей Деревянченкомен келіссөздерді бастап кетті

4 Тамыз 2019, 12:47
1843
Бөлісу:
Головкин украиналық Сергей Деревянченкомен келіссөздерді бастап кетті

Алматы, BAQ.KZ. Бокстан орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин украиналық Сергей Деревянченкомен титулды жекпе-жек жөніндегі келіссөзді бастады, деп жазды Los Angeles Times.

Басылымның «Деревянченкомен вакантты титул үшін жекпе-жек өтуі мүмкін бе» деген сұрағына Головкин «Біз қазір сонымен жұмыс істеп жатырмыз», деп жауап берген.

Басылымның мәліметінше, қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлер де Деревянченко командасымен келіссөз жүргізіп жатқанын растаған.

Алдын ала болжам бойынша Деревянченко мен Головкин арасындағы кездесу қазан айында болуы мүмкін. Лос-Анджелес пен Нью-Йорк қалалары жекпе-жек кешін өткізу орны ретінде қарастырылуда.

Өзгелердің жаңалығы