Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада Қазақстанның атын әлемге танытып жүрген кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин бейнеленген мурал пайда болды.
«Арқар» көпірінің астындағы аумақта демалыс аймақтары кеңейтіліп, жаңа граффитимен толықтырылды.Көпір асты қазақстандық танымал боксшы Геннадий Головкин бейнеленген муралмен безендірілді. Ол көше фитнесі жабдықтарымен, workout алаңымен, гантельдермен, штангалармен жабдықталады. Жақын жерде балаларға арналған аймақ болады, - дейді қалалық әкімдіктің ресми өкілі Ақмарал Олжабаева.
Бұған дейін көпір астында баскетбол ойыншысы Коби Брайанттың да суреті бейнеленген.
Бұл өнер туындыларын Қазақстанның әр аймақтарынан келген суретшілер салған.
«Арқар» көпірінің астындағы кеңістік Триатлон және Президент саябақтарын біріктіреді.
Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарының демалысы қызықты, жайлы өтуі үшін ерекше көңіл бөлуде.
Саябақ маңында әткеншектер де орнатылған.
Көпір асты безендірілгелі кешкілік серуенге шығатын тұрғындар саны көбейді.
Мүнда баскетбол ойнап, түрлі граффит қасында суретке түсуге болады.
Фотографымыз түсірілімге барғанда баскетбол ойнап жүрген жастар болды. Олар қазақстандықтарға «Biz birgemiz» деп сәлемдерін жолдады.
Биыл барлығы 50 қоғамдық орын, яғни саябақтар, скверлер, бульварлар және 150 аула жабдықталады.
Бұдан бөлек, қалада тұрғын үйлердің қабырғасына да сурет салу дәстүрге айналып келеді.
Қаладағы муралдар туралы мына жерден оқи аласыздар.