«Леффлер кетті» Головкиннің мансабына қатысты шешімді кім қабылдайды

6 Қаңтар 2019, 13:34
2024
Бөлісу:
«Леффлер кетті» Головкиннің мансабына қатысты шешімді кім қабылдайды

Астана, baq.kz. USA Today журналисі Марк Ортега қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен бұрынғы промоутері Том Леффлер арасындағы келісімнің тоқтатылғанына қатысты пікір білдірді. Қазір бұл жаңалық әлемдік БАҚ-та қызу талқыланып жатыр, деп жазады Sports.kz.

«GGG фанаттары бұрыннан істеп келе жатқан промоутерімен келісімді бұзған спортшысы туралы не ойлайды? Біздің ойымыз былай, түптің түбінде бокс – бизнес. Боксшыны басқа бағытта кеткені үшін кінәлай алмайсыз. Біз басқа спорт түрлеріндегі спортшылар не агенттерге көбірек ақшаны таңдағаны үшін кінә тақпаймыз ғой, бокста неге басқаша болу керек? (...) Мен егжей-тегжейлі білмеймін. Бірақ енді шешімді Головкиннің отбасы қабылдайтынын білемін, ал Леффлер кетті», - деп жазды Ортега твиттерде.

Өзгелердің жаңалығы