GGG келесі жекпе-жегін өткізетін орынды таңдады

3 Сәуір 2019, 13:51
2294
Бөлісу:
GGG келесі жекпе-жегін өткізетін орынды таңдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) келесі жекпе-жегін өткізетін орынды таңдады. Бұл туралы Vesti.kz жазды.

LA Times ақпараты бойынша, GGG рингке оралатын орын ретінде Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасын таңдаған. Головкиннің DAZN стриминг қызметімен келісімшарт бойынша бірінші жекпе-жегіне ең қолайлы уақыт ретінде 8 маусым аталып отыр.

Бүгін, 3 сәуірде Головкиннің командасы Нью-Йорк штатының атлетикалық комиссия өкілдерімен жиналып, MSG аренасында осы мерзімде жұдырықтасу мәселесін талқыламақ. Егер 8 маусым болмаса, келесі нұсқа ретінде 14 маусым, жұма қарастырылады. Өйткені 15 маусымға Лас-Вегаста Тайсон Фьюридің жекпе-жегі мен UFC-дің жекпе-жек кешін трансляциялау жоспарланған. 

Мұның алдында Головкин рингке 8 маусымда оралатыны және қарсыласы The Contender реалити-шоуының жеңімпазы, америкалық Брэндон Адамс (21-2, 13 КО) болатыны хабарланған еді. Осы аптада жекпе-жектің ресми құлақтандыруы болады деп те күтілген. Алайда Адамс отандасы Джермалл Чарлоны (28-0, 21 КО) қарсылас етіп таңдады.

Қыркүйекте қазақстандық орта салмақта WBC, WBA (Super) чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (51-1-2, 35 КО) үшінші жекпе-жек өткізеді деп жоспарланған.
Өзгелердің жаңалығы