Бас жаңалықтар
Ғарышқа ұшқан алғашқы туристер Жерге оралды
19 Қыркүйек 2021, 22:20 466

Ғарышқа ұшқан алғашқы туристер Жерге оралды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жер орбитасынан алғаш рет туристерді алып шыққан Crew Dragon ғарыш кемесі үш күндік сапарын аяқтады. Туристік экипаж жайғасқан капсула 18 қыркүйекте Атлант мұхитына келіп түсті.

Inspiration4 деп аталған экипаж НАСА-ның Кеннеди орталығынан 15 қыркүйекте ғарышқа ұшқан болатын. Сапар толығымен автоматтандырылған.

Азаттықтың қырғыз редакциясының мәліметіне қарағанда, бұған дейін миллиардерлер Ричард Брэнсон мен Жефф Безос өз компаниялары жасаған ғарыш кемесімен ғарышқа ұшқан болатын.

Inspiration4 экипажын миллиардер Жаред Айзекман қаржыландырды және ғарыштың барлық адамзат үшін ашыл болуы керектігін іс жүзінде көрсете білді.

Айзекман 38 жаста, тәжірибелі ұшқыш. SpaceX компаниясына ғарышқа ұшу үшін қанша қаржы төлегені белгісіз. Ал ғарышқа ұшқан төрт адамға келер болсақ, олар: геолог Сиан Проктор, АҚШ Қарулы күштерінің ардагері Крис Семброски және дәрігер Хейли Арсено. Миссияның башчысы Айзекман.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...