Ғалымдар қандағы алкоголь деңгейін өлшейтін құлаққап ойлап тапты

14 Маусым 2021, 12:39
1801
Бөлісу:
Ғалымдар қандағы алкоголь деңгейін өлшейтін құлаққап ойлап тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токио медициналық университетінің мамандары қандағы алкоголь деңгейін өлшеуге мүмкіндік беретін құлаққап ойлап тапты. Бұл туралы Scientific Reports журналында жарияланған.

Құрылғы құлақтың терісінен бөлінетін этанол буының деректерін жинауға қабілетті. Сондай-ақ құлақтың маңындағы газды жинайтын арнайы камера мен биохимиялық датчиктен тұрады. Ағзада алкогольдің бары анықталған жағдайда спирттік ішімдіктің шоғырланғандығы туралы хабар беретін желілік индикатор жанады.

Ғалымдардың айтуынша, ақпаратты жинаудың мұндай тәсілі адам жұтатын ауадағы алкоголь концентрациясын өлшеуден гөрі сенімдірек көрінеді. Құрылғыны басқа мақсатта да пайдалануға болады. Мысалы, ағзадағы түрлі ауруды диагностикалау мен метаболизмді бағалау үшін тиімді.

Өзгелердің жаңалығы