Гаити президентін өлтірмес бұрын азаптаған

11 Шілде 2021, 17:48
2581
Бөлісу:
Гаити президентін өлтірмес бұрын азаптаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Гаити президенті Жовенель Моизді өлтірмес бұрын азаптаған. Бұл туралы Гаити премьерінің міндетін атқарушы Клод Жозеф хабарлады деп жазады РИА Новости.

Гаити президенті Жовенель Моиз өткен сәрсенбіде резиденциясына баса көктеп кіргендердің қолынан қаза тапқан болатын. Оның жұбайы Мартин Моиз ауыр жарақат алып, қазір АҚШ-тың Майами штатындағы ауруханада жатыр.

Президент Моизді осылай өлтіріп кетеді және оны өз үйінде азаптап, қинайды деп ешкім ойламаған, - деді премьер-министрдің міндетін атқарушы америкалық АВС News телеарнасына берген сұхбатында. 

Гаитидің құқық қорғау саласы ел президенті Жовенель Моиздің өліміне қатысы бар 28 тұлғаны анықтағандарын жеткізді. Оның ішінде, 26-сы – Колумбия азаматтары. Полиция басшысының деректеріне сүйенсек, қылмыстық топтың 17 мүшесі ұсталыпты.

Сондай-ақ бұған дейін президентті өлтіруі мүмкін деген күдікпен 4 адам атылған болатын.

Өзгелердің жаңалығы