«Фрилансерлердің» МЗЖ төлеу тәртібі бекітілді

1 Ақпан 2019, 22:58
2338
Бөлісу:
«Фрилансерлердің» МЗЖ төлеу тәртібі бекітілді

Астана, BAQ.KZ. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмыспен қамту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

2019 жылдың бірінші тоқсанында қабылданған заңнамалық түзетулерді жүзеге асыру үшін  тиісті Ережеге өзгеріс енгізіледі.

Заңнамалық түзетулер жеке еңбек келісім шарты бойынша бірнеше жұмыс істеп жүрген азаматтардың зейнетақы жарнасын төлеуге қатысты болып отыр. Ол азаматтық-құқықтық негіздегі келісім бойынша жұмыс істеп жүрген (қызмет көрсету) жеке тұлғаларға қатысты. Бұл жағдайда мұндай азаматтар азаматтық-құқықтық негіздегі келісім бойынша табыстан міндетті зейнетақы жарнасын төлеуден босатылатын болады.

 «Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамту туралы» Заңының 24 бабының 5 тармақшасына сәйкес, бүгінде салық агенті болып табылатын, табыс салығын төлеп жүрген заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер және жеке өз ісімен айналысып жүргендер міндетті зейнетақы жарнасын жеке тұлға үшін (фрилансер) төлеуге міндетті. Себебі олар азаматтық-құықықтық негіздегі келісім бойынша жұмыс істеп/ қызмет көрсетіп жүргендер болып табылатынын, қосымша хабарлаймыз. 

Бұл орайда «Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамту туралы» Заңының 39 бабының 2 тармақшасына сәйкес, азаматтық-құықықтық негіздегі келісім бойынша жұмыс істеп/ қызмет көрсетіп жүргендердің жинақтаушы зейнетақы жүйесіне өз бетінше қатысу құқы сақталады. Олар өз пайдасы үшін зейнетақы жарнасын төлей алады. 

Мысал 1.

Жеке тұлғаның тұрақты жұмысы бар (жеке еңбек келісім шарты бойынша жалдамалы жұмысшы болып істейді) және қосымша азаматтық-құқықтық негіздегі келісім бойынша заңдық тұлғаға аудармашы ретінде қызмет көрсетеді.

Мұндай жағдайда, міндетті зейнетақы жарнасы 10 пайыз көлемінде есептеледі және ұсталады. 

1)   тұрақты жұмыс орны – агентпен (жұмыс берушімен) жеке тұлғаның табысынан, жалдамалы жұмысшының ай сайынғы еңбекақысынан;  

2)   азаматтық-құқықтық негіздегі келісім бойынша – заңды тұлғалар жеке тұлғаның табысынан, азаматтық-құқықтық негіздегі келісім бойынша атқарылған жұмыс көлемінен.

Мысал 2.

Жеке тұлғаның тұрақты жұмысы бар (жеке еңбек келісім шарты бойынша жалдамалы жұмысшы болып істейді) және қосымша азаматтық-құқықтық негіздегі келісім бойынша заңдық тұлғаға аудармашы ретінде қызмет көрсетеді.

Мұндай жағдайда,10 пайыз көлеміндегі  міндетті зейнетақы жарнасы тұрақты жұмыс орнынан  есептеледі және ұсталады- агентпен (жұмыс берушімен) жеке тұлғаның табысынан, жалдамалы жұмысшының ай сайынғы еңбекақысынан;   . 

Сондай-ақ,азаматтық тұлғалармен азаматтық-құқықтық негіздегі жасалған  келісім бойынша,  атқарылған жұмысы бойынша (қызмет көресту) міндетті зейнетақы жарнасы өндірілмейтін болады. .

 Мысал 3.

Азаматтық-құқықтық негіздегі келісім шарт бойынша жеке тұлға үй шаруасында көмекші болып істейді.  Бұл жағдайда азаматтық-құқықытық негіздегі келісім бойынша 10 пайыздық міндетті зейнетақы жарнасын жеке тұлға өзі төлейді. 

Өзгелердің жаңалығы