Франция және Италия COVID-19 өсімі бойынша алға шықты

7 Қараша 2020, 10:46
1963
Бөлісу:
Франция және Италия COVID-19 өсімі бойынша алға шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пандемия басталғалы бері 39 мыңнан астам француз және 40 мың италиялық коронавирус инфекциясының асқынуынан қайтыс болды.

6 қараша күні Франция және Италия билігі соңғы тәулікте коронавируспен ауырған науқастардың саны бойынша рекордтық көрсеткіштерді жариялады, ол сәйкесінше, 60 486 және 37 809 болды.

«Sante publique France» агенттігінің хабарлауынша, Франциядағы алдыңғы рекорд бір күн бұрын 58 046 жаңа инфекция туралы хабарланған кезде тіркелген. Айта керек, көктемде бұл сан сегіз мыңнан аспаған еді.

Соңғы 24 сағат ішінде 405 француз COVID-19 дерті салдарынан қайтыс болды. Осылайша, пандемия кезінде қайтыс болғандардың саны 39 865-ке жетті. Жалпы, елде инфекцияның 1 661 853 жағдайы расталды.

Италияның Денсаулық сақтау министрлігі күніне тестілеудің рекордтық саны туралы хабарлады. Бір күнде коронавирусы расталған 446 адам қайтыс болды, италиялықтар арасындағы құрбандардың жалпы саны – 40 638.

Пандемия басталғалы бері Италияда 862 681 азамат вирус жұқтырып, оның 322 925-і ауруды жеңіп шыққан.

Бұған дейін хабарланғандай, Францияда ауруханалардың реанимациясында коронавируспен ауыратын 4 мыңнан астам науқас емделуде, бұл жалпы орындардың 85% құрайды. Сонымен бірге, Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі олардың төрттен бірі аман қалмайды деп мәлімдеген болатын.

Италияда 5 қарашадан бастап үйден 22:00-ден 05:00-ге дейін себепсіз шығуға тыйым салынды. Елде көрмелер мен мұражайлар жұмысын тоқтатты, ал сауда орталықтары демалыс және мереке күндері жұмыс істемейді.
Өзгелердің жаңалығы