Отандық әуекомпания мобильді қосымшаны іске қосты

25 Маусым 2020, 17:32
2269
Бөлісу:
Отандық әуекомпания мобильді қосымшаны іске қосты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің алғашқы лоукостері – FlyArystan әуекомпаниясы жаңа мобильді қосымшаны іске қосқаны туралы қуана хабарлайды. 

Бұдан былай iOS және Android смартфондарының иегерлері App Store мен Google Play-ден оны жүктеу арқылы, жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізе алады.

FlyArystan қосымшасында билетті сатып алудан басқа, брондауды басқару – яғни, рейске онлайн тіркеуден өтуге, қажетті қосымша қызмет түрлерін алуға (қалаған орынды таңдау, жолжүкті сатып алу, тағамға алдын ала тапсырыс беру және т.б.) болады. Бұдан бөлек, жолаушы сапардың ұшу күнін ауыстырып, пуш-анықтаманы қосу арқылы әуекомпанияның жаңалықтары, науқандары және басқа да пайдалы ақпаратты бірінші болып біле алады.

Мобильді нұсқа арқылы пайдаланушылар жеңіл әрі ыңғайлы мүмкіндіктірді қолданып, барлық ақпаратқа үш тілдің бірінде қол жеткізе алады. Жеке кабинетте тіркелу арқылы жолаушы жеке мәлімет пен сатып алған билеттерді сақтайды. Ал мәзірдегі "Отырғызу талоны" бөлімшесінде, әрбір жолаушы онлайн-тіркеуден өткеннен кейін, өзінің отырғызу талондарын сақтайтын болады. Егер жолаушыға қандай да бір кеңес қажет болса, мәзірдегі "Көмек" бөліміндегі live-chat-қа кіргені абзал. Онда шынайы уақытта қызмет істеп жатқан операторлар кез келген сұрақты оңайлықпен шешуге көмектеседі.

FlyArystan-ның коммерциялық бөлімі директоры Жанар Жайлауованың пікірінше, лоукостер қосымшасы – ол жолаушыларға жоғары дәріжедегі сапалы қызмет көрсетудің жаңа сатысы. 

Біз FlyArystan қосымшасын өте ыңғайлы әрі функционалды етуге тырыстық. Әрдайын жаңарып, жетілдіріп тұратын қосымшаны іске қосу арқылы, біз жаңа цифрлық жүйеде саяхатты жоспарлау мүмкіндігін кеңейте түсуге ниеттеніп отырмыз, – деп жаңалықтарымен бөлісті бюджеттік компания басшысы.

Естеріңізге сала кетсек, қазақстандық FlyArystan лоукостері алғаш рет аспанға 2019 жылдың мамырында көтерілген еді. Бүгінгі таңда әуетасымалдаушы ұшақтары Алматы мен Нұр-Сұлтан әуе айлақтарында тұрақты түрде қоныстанса, жақын арада 180-орынды Airbus A320 борттары Атырау мен Шымкенттен 9 қалаға, ал Қарағандыдан 5 бағытқа тұрақты түрде сапар шегуді жоспарлап отыр.

Өзгелердің жаңалығы