Ұлттық спорт түрлерінен V фестивалі басталды

23 Қыркүйек 2019, 09:40
2881
Бөлісу:
Ұлттық спорт түрлерінен V фестивалі басталды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе қаласындағы «Жекпе-жек» сарайында Ұлттық спорт түрлерінен Қазақстан Республикасының V фестивалінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлады. 

Шараға Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Сейілұлы Оразалин, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Ұлттық және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт түрлерінен басқарма басшысы Қарлығаш Әсетқызы, «Спортты дамыту дирекциясы» директорының орынбасары Еркеғали Дәулетханұлы және қазақ күресінен әлем және азия чемпионы Бейбіт Ыстыбаев және Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мейрамбек Махамбетов қатысты.

WhatsApp Image 2019-09-21 at 19.54.24 (3).jpeg

Шарада сөз алған өңір басшысы спортшыларды жігерлендіріп, алдағы жарысқа жеңіс тіледі.

WhatsApp Image 2019-09-21 at 19.54.24 (6).jpeg

Салтанатты ашылу рәсімі балуандардың белдесуімен жалғасты. Боз кілемге 55 және 60 кг салмақ бойынша қазақ күресінен ақтық мәреге жеткен спортшылар алтын, күміс, қола медалді сарапқа салды.

WhatsApp Image 2019-09-21 at 19.54.24 (5).jpeg

Айта кетейік, фестивальге еліміздің әр аймағынан 800-ге жуық спортшы қатысуда. Олар спорттың он екі түрі: аламан бәйге, бәйге, құнан бәйге, көкпар, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату, асық ату, қазақ күресі, құсбегілік, тоғызқұмалақ, жекпе-жектен бақ сынасады.

WhatsApp Image 2019-09-21 at 19.54.24.jpeg

Жарыс қыркүйектің жиырма бесіне дейін жалғасады.

Өзгелердің жаңалығы