Бас жаңалықтар
«Евровидение – 2019» байқауының үш фавориті аталды
12 Мамыр 2019, 13:32 509

«Евровидение – 2019» байқауының үш фавориті аталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуропадағы ең танымал мызыкалық байқау Евровидениенің биылғы маусымында кім жеңіске жетуі мүмкін? Букмекерлік кеңселер үш фавориттің есімін атады, деп xабарлады Eurovision World.

Болжам жасаушылар үшінші орынға ресейлік Сергей Лазаревті қойып отыр. Ол осы байқауда «Scream» әнін орындайды.

Екінші орында Швеция әншісу Джон Лундвиг «Too late for love» әнімен тұр.

Ал букемекерлер бірінші орынға, яғни басты фаворит ретінде «Arcade» әнін орындайтын Нидерланды әншісі Дункан Лоуренсті орналастырған.

Айта кетейік, «Евровидение – 2019» музыкалық байқауы 14-18 мамыр аралығында Израиль астанасы Тель-Авив қаласында өтеді.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық