Еуропада вакцинациялау басталды

27 Желтоқсан 2020, 09:38
1646
Бөлісу:
Еуропада вакцинациялау басталды

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуропа елдерінде 27 желтоқсаннан бастап коронавирусқа қарсы вакцинациялау басталды. Бұл туралы Lenta.ru хабарлады.

 

Германия, Франция, Испания, Австрия, Болгария, Чехия, және Италия тұрғындары COVID-19-қа қарсы вакцина алады. 

Вакцинаны барлық елдің азаматтары ерікті түрде тегін салдырта алады. Бірінші кезеңде жоғарыда аталған елдерінің әрқайсысы бес мыңға жуық адамға вакцина жасай алады. Жаппай екпе салу көктемге дейін басталмайды. 

Қазіргі уақытта еуропалық реттеуші мақұлдаған жалғыз препарат - Pfizer мен BioNTech компанияларының өнімі болып отыр. 

Бұған дейін Германия жаппай екпе салу аясында коронавирусқа қарсы егу жасаған болатын. Вакцинаны Хальберштадттағы қарттар үйіндегі 101 жастағы кейуана алған болатын. 

Жалпы алғанда, қарттар үйінде 59 адамның 40-ына, сондай-ақ орталықтың 10 қызметкері мен басқарушы директорына вакцина салынды. 

Қазіргі уақытта әлемде бірнеше COVID-19 вакциналары бар. Ресейде екі вакцина тіркелген: «Спутник V» және «ЭпиВакКорона». 
 


 

Өзгелердің жаңалығы