Еуропада коронавирус қайтадан өршіп кетті

18 Қыркүйек 2020, 08:45
1624
Бөлісу:
Еуропада коронавирус қайтадан өршіп кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Джон Хопкинс университетінің мәліметтері бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 30 миллионға жуықтап, 941,3 мың адам қайтыс болды. Бұл туралы бүгін BBC агенттігі хабарлады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропадағы жағдайдың індет қатты өршіген наурыздағы жағдайдан әлдеқайда ауыр екенін мәлімдеді.

Тек өткен аптаның өзінде ғана әлемде вирусты жұқтырудың 300 жаңа жағдайы тіркелді, - деп мәлімдеді ДДСҰ-ның Еуропа бойынша өңірлік директоры Ханс Клюге.
Наурыз айының соңында Еуропада вирус жұқтырудың жаңа жағдайлары 26 475-ке жетті. «Жағдай өте мүшкіл», - деді Клюге. Еуропаның көптеген елінде қазір соңғы бірнеше айдағы ең жоғарғы көрсеткіштер тіркелуде. Клюгенің сөзінше, вирустың әлем елдері арасында тарау көрсеткіші де өсіп келеді.
Шілдеде ауру жұқтыру көрсеткіші төмен болатын. Ал қыркүйектегі көрсеткіштер бізге ескерту іспеттес болуы керек еді, - деді ол.
Індеттің тарау көрсеткіші өсіп отырған елдердің бірі – Нидерланды. Бұл ел жақында Британияның «қызыл тізіміне» енді. Қазір Нидерландыдан келетіндер 14 күнге оқшауландырылуы тиіс. Ал Испанияда студенттер көшеге шығып, жоғары оқу орындары мен мектептердегі қауіпсіздікті нығайтуды талап етті. Нақтырақ айтқанда, олар тазалық стандарттарын жетілдіріп, ұстаздардың жеке қауіпсіздік құрылғыларымен қамтамасыз етілуін талап етіп отыр. Соңғы тәуліктерде бұл елде коронавирустан 239 адам қайтыс болды. Бұл – маусым айынан кейінгі ең үлкен көрсеткіш.

Ауру жүқтыру жағдайлары, әсіресе, Мадридте көбейді. Францияда кәсіподақ ұйымдарының өкілдері бас көтермек. Олар экономикамен байланысты мәселелерді шешу үшін үкімет тарапынан қолға алынып отырған шаралар жеткіліксіз деп есептейді. Биліктің болжамынша, 2020 жылы 800 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуы мүмкін. Францияда соңғы тәуліктерде COVID-19 жұқтырудың 10 мың жаңа жағдайы тіркелген. Германияда соңғы 24 сағатта вирус жұқтырғандар саны биылғы жылдың сәуір айынан бергі уақыттағы ең жоғарғы көрсеткіш болып отыр.

Өзгелердің жаңалығы