Еуроодақ Беларусь мәселесін қайта қарайды

24 Қыркүйек 2020, 23:47
1627
Бөлісу:
Еуроодақ Беларусь мәселесін қайта қарайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Беларусь президенті Александр Лукашенконың "жасырын инаугурациясынан" кейін Еуроодақ осылай деп мәлімдеп, сайлау нәтижесін мойындамайтынын қайталады. 

Осы тұста ЕО Беларусьпен қарым-қатынасын қайта қарастырады. Еуроодақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясат жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррельдің мәлімдемесінде осылай деп айтылады.

Мәлімдемеде Лукашенко инаугурациясы белорус халқының айтарлықтай бөлігінің еркіне қайшы келеді және бұл сайлаудан кейін жалғасып жатқан мыңдаған адам қатысқан бейбір шерулер мен акциялардан көрініп жатыр, бұл елде саяси дағдарысты тереңдете түседі деп жазылған.

Биліктің дөрекі күш қолданып, қудалағанына қарамастан негізгі құқықтары мен демократияны бейбіт түрде талап етіп отырған белорус халқының батылдығына сүйсініп отырмыз - делінген мәлімдемеде.

Еуроодақ белорус халқының еркін әрі әділ сайлау арқылы президентті сайлау құқығын қолдайды деп жазылған.

Сәрсенбі күні Минскідегі Тәуелсіздік сарайында өткен шарада Лукашенко ант беріп, президент қызметіне кіріскен. Инаугурация жайлы алдын ала хабарланбады. Мемлекеттік БелТА агенттігінің ақпаратынша, оған шенеуніктер, депутаттар, ақпарат құралдарының басшылары, ғылым, мәдениет, спорт қайраткерлері қатысқан.

Беларусьтегі президент сайлауына қатысқан оппозиция жетекшісі Светлана Тихановская инаугурацияны "фарс" деп атады.

Сәрсенбі күні Минск пен Беларусьтің өзге қалаларында инаугурацияға қарсы наразылық акциялары өтті. 250-ден астам адам ұсталған. 200-і Минскіде ұсталған. Мұнда арнайы жасақ демонстранттарды тарату үшін су шашқан.

Өзгелердің жаңалығы