Еуропалық одақ Ресейдің қанша қарызы бар екенін атады

25 Қаңтар 2019, 11:00
2594
Бөлісу:
Еуропалық одақ Ресейдің қанша қарызы бар екенін атады

Астана, BAQ.KZ. Ресей Еуропа одағына 60 миллионға жуық еуро төлеу керек. Бұл туралы ЕО бас хатшысының баспасөз хатшысы Дэниель Хольтген мәлімдеді. Бұл туралы РИА Новости жазады.


Мұндай сома туралы бұрын Финляндияның СІМ басшысы Тимо Сойнидің айтқаны жазылған хабарланған. Оның сөзіне қарағанда, Хельсинки Ресейдің қайтып келуіне және Мәскеу қарызын төлеуіне байланысты мәмілеге келеміз деп есептейді. 

2014 жылдың сәуірінде Донбасс пен Қырымдағы оқиғалардан кейін ресейлік делегация өзінің негізгі өкілеттіліктерінен айырылып қалды. РФ дауыс беру құқынан және ассамблеядағы басшылық органдарының жұмысына араласуынан, мониторингтік миссиясынан құр қалған болатын.

2018 жылдың 30 маусымында Ресей СІМ Сергей Лавров ЕО бас хатшысы Турбьерн Ягландты ЕуроОдақ Парламенттік Ассамблеясындағы Ресей делегациясының өкілеттігін толық көлемде қайта қалпына келтіргенге дейін 2017 жылға ЕО бюджетіне жарна төлемін тоқтату туралы хабардар еткен болатын. Сонымен қатар, Ресей бұған дейін ЕО конвенциялары бойынша мойнына алған міндеттемелерді орындауды жалғастыратыны атап өтілген.
Өзгелердің жаңалығы