Этносаралық қатынас саясаты сөз болды

18 Қыркүйек 2020, 22:29
1441
Бөлісу:
Этносаралық қатынас саясаты сөз болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның төрағалығымен онлайн форматта этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша кеңес өтті.

Кеңеске облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдерінің орынбасарлары, ішкі саясат/қоғамдық даму басқармаларының басшылары, өңірлік ҚХА хатшылықтарының меңгерушілері қатысты.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі М.Әзілханов, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Т.Қалиев, «Қоғамдық келісім» РММ директоры М.Отарбаев және «Отандастар қорының» вице-президенті М.Сарбасов істердің ағымдағы жағдайы және алдағы жұмыс жоспарлары туралы баяндады.

Кеңес барысында этносаралық қатынастар саласындағы ахуал, проблемалық мәселелер және оларды шешу жөніндегі шаралар талқыланды. Жергілікті атқарушы органдардың, «Қоғамдық келісім» мекемелерінің және ҚХА қоғамдық құрылымдарының жұмысын жаңғырту қажеттілігі қарастырылды.

Кеңес қорытындысы бойынша Ақпарат және қоғамдық даму министрі қоғамдық тұрақтылық пен этносаралық келісімді қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдардың тиімді жұмысының маңыздылығын атап өтті.

Олардың этносаралық саладағы қызметін одан әрі жетілдіру, азаматтық қоғамды, этномәдени бірлестіктерді, бұқаралық ақпарат құралдарын бірлескен жұмысқа белсенді тарту жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берілді.

Өзгелердің жаңалығы