Алматыда есірткі заттарын жарнамалаған 80 жазба өшірілді

12 Қаңтар 2020, 15:44
11378
Бөлісу:
Алматыда есірткі заттарын жарнамалаған 80 жазба өшірілді

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімдігі, аудандық полиция басқармасы және меншік иелері кооперативті қызметкерлері тексеріс жұмыстарын жүргізіп, үйлердің қабырғасына жазылған есірткі заттарының жарнамасын өшірді. 

Бұл туралы inAlmaty.kz хабарлады.

Тексеріс кезінде 80 жарнамалық жазба анықталып, өшірілген. Аудандық әкімдік бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табатынын мәлімдеді.

Есірткі немесе психотропты заттардың жарнамасын көрсеңіздер, бірден фотоға түсіріп, мекенжайымен қоса Алмалы ауданы әкімдігінің 8708 683 02 94 WhatsApp нөміріне жіберулеріңізді сұраймыз, - дейді әкімдіктегілер.

Айта кету керек, алдағы уақытта Қазақстанда ғимараттардың қабырғасына сурет салатындарға қатысты жаза қатаңдатылмақ.

Өзгелердің жаңалығы