Елбасы жанкешті инспекторларды марапаттады

4 Ақпан 2019, 12:22
4774
Бөлісу:
Елбасы жанкешті инспекторларды марапаттады

Астана, BAQ.KZ. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев браконьерлердің қолынан қаза тапқан Ерлан Нұрғалиевті  ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жазады.


Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін наградталсын:

ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен

Ницык Петр Алексеевич - Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Орталық өңірлік филиалының инспекторы

Нұрғалиев Ерлан Балғабекұлы (марқұм) - Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Орталық өңірлік филиалының инспекторы.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Мәжіліс депутаттары, қоғам белсенділері «Охотзоопром» инспекторы Ерлан Нұрғалиевке «Халық Қаһарманы» атағын беруды ұсынған болатын. 

Депутат Жамбыл Ахметов мемлекеттік қызмет саласында жүріп, соңына дейін күресіп, қаза тапқан қорықшыны марапатқа ұсынуды сұраған. 

«Кейбір еріктілер оның есімін ұлықтау мақсатында қолында еліктің лағын ұстап тұрған суретінің негізінде ескерткіш орнатпақшы. Мұның барлығы халықтың өз батырын қалай құрметтейтінін көрсетеді. Сонымен қатар, браконьерлермен күрес жолында ерлік танытқан Ерланның әріптесі – Петр Ницык те марапатқа лайық деп санаймыз», - деді депутат Жамбыл Ахметбеков.



Өзгелердің жаңалығы