Бас жаңалықтар
Ерлан Қарин «Тарлан» интеллектуалдық клубының мүшелерімен кездесті
24 Қаңтар 2021, 21:30 265

Ерлан Қарин «Тарлан» интеллектуалдық клубының мүшелерімен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қаринмен «Тарлан» интеллектуалдық клубының мүшелерімен кездесті.

Бұл туралы клуб мүшелері instagram.com парақшасында жазды. 

Ерлан Тынымбайұлы біздің клубымыздың тұрақты қонағы. Алматыға іс сапармен келгенде, біздің өтінішімізді жерге тастамай, тығыз жұмыс графигіне қарамастан қымбат уақытын бөліп, бізбен еркін түрде ашық пікірлесіп, айтқан ойларымызбен бастамаларымызға әрдайым қолдау білдіріп тұрады. Сол үшін клуб мүшелері атынан Ерлан Тынымбайұлына зор алғысымызды білдіреміз, – деп жазды тарландықтар.
Кездесуімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласын талқылап, онда айтылған ойлар тарландықтардың ойларымен толықтай үндесіп жатқандығы айтылды.
Биылғы жылы клуб мүшелерінің президент әкімшілігінің жауапты қызметкерлерімен, үкімет мүшелерімен, парламент депуттарымен, күштік құрылымдар мен жергілікті әкімдіктердің өкілдерімен, еліміздегі шетелдік дипломатиялық корпус өкілдерімен, ірі қазақстандық бизнес өкілдерімен, отандық ғалымдармен, үкіметтік емес ұйым өкілдерімен, оппозиция қайраткерлерімен, белгілі журналисттермен кездесулер өткізуді жоспарлаудамыз, – делінген желідегі жазбада.


Фото: дереккөз
Загрузка...