Ерлан Қарин: Балаларға қатысты зорлық-зомбылықпен күрес мәселесі мемлекеттің басым бағыттарының бірі

26 Шілде 2020, 12:21
1442
Бөлісу:
Ерлан Қарин: Балаларға қатысты зорлық-зомбылықпен күрес мәселесі мемлекеттің басым бағыттарының бірі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин балаларға қатысты зорлық-зомбылық жасағандарға жазаны қатаңдату қажеттілігі туралы ұсынысқа түсініктеме берді.

Соңғы оқиғаларға байланысты желідегі кейбір пайдаланушылар балаларға қарсы зорлық-зомбылық жасағандарға жазаны қатаңдату қажеттілігі туралы жазуда. Сонымен қатар, мұндай шаралар Мемлекет басшысының бастамасымен өткен жылы қабылданған болатын деп жазды Қарин өзінің Telegram каналында.

Ол Президенттің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына арналған алғашқы Жолдауында жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы, әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық және жеке адамға, әсіресе, балаларға қатысты басқа да ауыр қылмыстар үшін жазаны жедел түрде күшейтуді тапсырғанын еске салды. Күзде тиісті заң жобасы Парламентке жіберілді.

Ал 30 желтоқсанда Президент 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген "Қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру және жеке адамның құқықтарын қорғауды күшейту мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойды. Заңның жаңа нормаларына сәйкес, зорлық-зомбылық орташа ауырлықтағы ауыр қылмыстарға ауыстырылды. 14 жасқа толмаған балаларға жасалған зорлық-зомбылық үшін 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына қамау жазасы көзделеді. Сонымен қатар, педофилия фактілерін жеткізбеу, жасыру, бұрмалау үшін жауапкершілік белгіленген. Енді бұл ауыр қылмыс болып есептеледі және ол үшін ең көп бас бостандығынан айыру жазасы беріледі (6 жыл). Балаларға қатысты зорлық-зомбылықпен күрес мәселесі біздің мемлекет үшін басым бағыттардың бірі болып табылады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы