Еркін күрестен Poland Open турнирінде белдесетін балуандар тізімі анықталды

1 Тамыз 2019, 14:39
1815
Бөлісу:
Еркін күрестен Poland Open турнирінде белдесетін балуандар тізімі анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1-5 тамыз аралығында Варшава қаласында күрес түрлерінен «Poland Open» халықаралық турнирі өтеді. Бұл туралы olympic.kz хабарлады. 

Балуандар бәсекесіне еркін күрестен Қазақстан командасы да қатысады.

Польша төрінде сынға түсетін еркін күрес шеберлернің тізімі төмендегідей:

57 келі – Нұрислам Санаев;
61 келі – Расул Қалиев;
65 келі – Дәулет Ниязбеков, Саятбек Оқасов; 
70 келі – Нұрғожа Қайпанов;
74 келі – Данияр Қайсанов;
79 келі – Ғалымжан Өсербаев; 
86 келі – Азамат Дәулетбеков; 
92 келі – Ералы Әбдірашев, Әбдіманап Байкенжеев, Нұрғали Нұрғайыпұлы; 
97 келі – Әлішер Ерғали;
25 келі – Олег Болтин, Юсуф Батырмурзаев; 
Бас бапкер – Әсет Серікбаев.

Өзгелердің жаңалығы