Астана, BAQ.KZ. Парламент Сенаты Ұлттық банк төрағасы лауазымына Ерболат Досаевтың кандидатурасын мақұлдады.
1997 - 1998 жылдар аралығында – «Банк ТұранӘлем» ЖАҚ Басқармасы төрағасының орынбасары, «АТФ Банк» ЖАҚ Басқармасының төрағасы.
1998 жылы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі.
2000 - 2001 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі.
2001 - 2003 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің төрағасы.
2003 - 2004 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, Еуропалық қайта құру және Даму банкінің Қазақстандағы басқарушысы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің Басқарма мүшесі.
2004 - 2006 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі.
2006 - 2012 жылдар аралығында – «ҚазИнвестБанк» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.
2012 жылдың қаңтары мен 2013 жылдың қаңтарына дейін – Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі.
2013 жылдың 16 қаңтарынан – Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі.
2014 жылғы 6 тамызда Қазақстан Республикасы Президентінің № 880 жарлығымен Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрі болып тағайындалды.
2015 жылғы 30 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің № 5 жарлығымен Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрі болып қайта тағайындалды.
2016 жылғы 12 мамырда «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының төрағасы болып тағайындалды.
2017 жылғы 29 тамызда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды.
2017 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және жаңа технологиялар министрдің міндетін атқарушы Т. Тоқтабаевтың «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы туралы» № 824 бұйрығына сәйкес «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамына сайланды.