Ералы Тоғжанов карантин режимін қатаң сақтауды тапсырды

26 Мамыр 2020, 20:08
1209
Бөлісу:
Ералы Тоғжанов карантин режимін қатаң сақтауды тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында халықтың бекітілген карантин режимін қатаң сақтауын бақылауға алу мәселелері қаралды.

Біршама өңірлерде ауруды жұқтыру саны көбейіп жатыр. Мұндай жағдай тікелей карантин талаптарының орындалмауына байланысты орын алып отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасына орай санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру және оларды орындамаған азаматтарға, мекемелерге, өндіріс объектілері мен  кәсіпкерлерлік субъектілеріне қатысты тиісті шаралар қабылдау керек, – деді Е. Тоғжанов.
Осыған орай, өңірлердің әкімдіктері мен мемлекеттік органдарға тапсырылды:

– еңбек ұжымдарында әлеуметтік қарым-қатынастың деңгейін барынша төмендету;

– жұмыс күні барысында бетперде тағу және уақтылы ауыстыруды бақылауда ұстауды ұйымдастыру;

– әлеуметтік ара қашықтықты сақтау мүмкіндігін жасау;

– қоғамдық көлікке жолаушылардың тек арнайы отыру орындарына сәйкес және міндетті түрде маскасы бар болған жағдайда ғана мінуін қамтамасыз ету;

– қорғаныс, ішкі істер қызметкерлерінің қатысуымен қоғамдық және өндіріс орындарын, мекемелер мен объектілерді дезинфекциялау шараларын күшейту. 

 Берілген тапсырмалардың орындалуы Үкімет тарапынан тұрақты бақылауға алынады.   

Өзгелердің жаңалығы