Ералхан ел намысын қорғайды

18 Қыркүйек 2021, 17:26
1941
Бөлісу:
Ералхан ел намысын қорғайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздің сұрмергендері Иранға аттанды. Иран ислам республикасында жамбы атудан әлем чемпионаты өтіп жатыр.

Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының вице-президенті, Жамбы ату федерациясының президенті Нұрлан Әметов, Ұлттық спорт қауымдастығының атқарушы директоры Рахат Жақсыбай бастаған топ Иранның Тегеран қаласында өтіп жатқан садақ атудан Әлем чемпионатына аттанды.

Бұл чемпионат Бүкіләлемдік ат үстінен садақ ату федерациясының ұйымдастыруымен және Иран ислам республикасының ат үстінен садақ ату федерациясының ұйытқы болуымен өтіп жатқан жарыс – дейді Рахат Жақсыбай.

Әлем бойынша XV рет өтіп жатқан жарысқа Жамбы ату спортынан Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасының жаттықтырушысы Елдос Бадашев, құрама мүшесі Ералхан Айкөз қатысып жатыр.

Ералхан Айкөз Жасөспірімдер және Жастар арасындағы Қазақстан чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы, «Алтын жебе» халықаралық турнирінің екі дүркін жүлдегері (2017, 2018), Жастар арасындағы І Азия чемпионатының күміс жүлдегері (2019), Ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері (2019), «Алтын жебе» І Әлем чемпионатының чемпионы (2019).

Өзгелердің жаңалығы