Эпидемиологтар коронавирустың инфаркт пен инсультқа әкелуі мүмкіндігін ескертті

6 Тамыз 2021, 11:17
1333
Бөлісу:
Эпидемиологтар коронавирустың инфаркт пен инсультқа әкелуі мүмкіндігін ескертті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Эпидемиолог ғалымдар коронавирус инфекциясына шалдыққандар инфаркт пен инсультқа шалдығуы мүмкін екендігін ескертті. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Олардың айтуынша, СOVID-19-ға шалдыққан соң өкпеде қайтымсыз өзгерістер түзіліп, инфаркт пен инсульт болуы мүмкін.

Коронавирус инфекциясының салдарынан өкпеде қайтымсыз өзгерістер (фиброз) орын алып, инфаркт пен инсульт пайда болып, адамды мүгедекке ұшыратуы мүмкін, - дейді Ресейдегі Орталық эпидемиологиялық ғылыми-зерттеу институтының эпидемиолог маманы Антонина Плоскирева.

Сондай-ақ ол індеттен жазылған науқастарда астениялық синдром және респираторлық симптом сынды түрлі клиникалық құбылыстар, соның ішінде жөтел ұзақ уақытқа сақталуы мүмкіндігін алға тартып отыр. Мұндай өзгерістер көптеген пациентте қайтымды сипатқа ие деді ол.

Өзгелердің жаңалығы