Энергетика министрі АЭС құрылысына қатысты пікір білдірді

30 Маусым 2021, 18:12
3275
Бөлісу:
Энергетика министрі АЭС құрылысына қатысты пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Қазақстандағы Атом электр стансасының құрылысына қатысты сұраққа жауап берді.

Оның айтуынша, мемлекеттік органдар Президенттің атом электр стансасы құрылысының әсерін зерттеу туралы тапсырмасын қарастыруда. 
Әзірге шешім қабылданған жоқ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселеде асығыстық танытудың да, артта қалудың да қажеті жоқ екенін атап өткен болатын. Сондықтан біз құрылыстың қауіп-қатері, пайдасы жайлы мәселені қоғам пікіріне құлақ түре отырып қарастыруымыз керек. Шешім тек сол кезде ғана қабылданады. Бүгінгі күні Қазақстанда АЭС салу туралы шешім шығарылған жоқ, - деп атап өтті Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев.

Бұған дейін министр жыл соңына дейін 140 мың адам газға қол жеткізетінін айтқан болатын

Өзгелердің жаңалығы