Алматы, BAQ.KZ. Қытай елі Камбоджа, Нигерия, Мьянма, Ресей және Қазақстанға ескі техника жеткізіледі. Бұл туралы Kolesa.kz жазды.
Осы уақытқа дейін Қытайда қолданыста болған көліктерді экспортқа шығаруға тыйым салынған. Аспан асты елінде сұранысы жоқ көліктердің тым көп болуы жағдайды өзгертті. Бірақ машиналардың бәрін шетелге шығаруға рұқсат жоқ. Әзірге тек он аймақ қана белгіленген.Тыйым 2019 жылдың мамыр айында күшін жойған, бірақ экспортқа шығарылатын көліктердің алғашқы легі енді ғана дайын болды. 300 автокөлік Ресей Федерациясына жіберіледі. Дегенмен тізімде дәл қандай автокөліктердің бары белгісіз.
Қытай ұсталған көліктерді тек Ресейге сатумен шектелмейді. Бұл тізімде Камбоджа, Нигерия, Мьянма елдерімен қатар Қазақстан да бар. Қытайлар әзірше бізді қызықтыруы мүмкін көліктерді қарастырып жатыр. Расымен де Қытайдан авто келе бастаса, біздегі халық қуанады. Өйткені Қазақстан автопаркі қатты тозып барады.