Енді Қазақстанда қабылданған заңдардың тиімділігі тексеріледі

18 Ақпан 2021, 11:36
1804
Бөлісу:
Енді Қазақстанда қабылданған заңдардың тиімділігі тексеріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Сенатының жалпы отырысында Әділет министрі Марат Бекетаев нормашығармашылықты жетілдіру мәселелері бойынша түзетулерді ұсына отырып, енді қабылданған заңдардың тиімділігіне баға берілетіндігін айтты.

Заңдар қабылданғаннан кейін, олардың тиімділігін бағалау міндеті ұсынылып отыр. Бұл міндет заңды әзірлеген мемлекеттік органдарға жүктелетін болады. Қабылданған заңның тиімділігін бағалау үшін әзірлеуші орган жаңа реттеудің салыстырмалы нәтижелері көрсетілген есепті дайындайды. Бұл есеп құқықтық мониторинг аясында қолданылатын болады. Сонымен қатар парламенттік тыңдауда немесе Үкімет сағатында талқылануы мүмкін, - дейді Марат Бекетаев.
Сонымен бірге Әділет министрлігі нормашығармашылықты жетілдіру бойынша жұмысты жалғастыратынын айтты.
2020 жылғы 1 қыркүйекте Парламенттің кезекті сессиясының ашылуында Президент құқықтық реттеу деңгейлері арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуді тапсырды.  Заңдар мен нормативтік құқықтық актілерді делимитациялау туралы Президенттің бұл тапсырмасы құқықтық саясат тұжырымдамасы аясында орындалатын болады. Қазір мемлекеттік органдар өздерінің заңдары бойынша талдау жүргізуде.  Осы жұмыстың нәтижесінде тиісті заң жобасы дайындалады. Сосын Парламентке осы заң жобасымен келетін боламыз, - деді министр.
Заң жобасы заңдарды әзірлеу, олар бойынша қоғамдық талқылаулар өткізу және заңдарды қабылдау рәсімдерін жетілдіру мақсатында әзірленген.

Өзгелердің жаңалығы