Ең төменгі еңбекақы алатын жұмыскерлердің орташа жалақысы 18% өседі

14 Қаңтар 2019, 17:06
4258
Бөлісу:
Ең төменгі еңбекақы алатын жұмыскерлердің орташа жалақысы 18% өседі

Астана, baq.kz. 130 мыңға жуық жұмыс беруші 705 мың жұмысшының жалақысын көтереді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Мемлекет басшысының Жолдауында айтылғандай 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі еңбекақы алатын жұмысшылардың жалақысын көтеруді жүзеге асыру аясында, елімізде жалпы жұмысшы саны 1,5 млн адамды құрайтын 128,7 мыңға жуық жұмыс беруші 705,4 мың жұмыскердің жалақысын көтеруге дайын екендіктерін білдірді" - делінген хабарламада.

Оның ішінде 1235 кәсіпорын - ірі кәсіпкерлік субьектілеріне жатса, 1711 – орташа, 125 мыңы - шағын кәсіпкерлік.

Жоғарыда көрсетілген кәсіпорындарда ең төменгі еңбекақы алатын жұмыскерлердің орташа жалақысы 18% өседі. Яғни, 41,5 мың теңгеден 55,2 мың теңгеге дейін.

Өзгелердің жаңалығы