Қазақстанның Еңбек Ері өмірден өтті

6 Шілде 2020, 12:48
4379
Бөлісу:
Қазақстанның Еңбек Ері өмірден өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Еңбек Ері, "Шәушен" шаруа қожалығының басшысы Сайрамбай Дөненбаев дүние салды.

Сайрамбай Әлімқұлұлы Дөненбаев 1965 жылы 1 сәуірде Жамбыл облысы Луговой ауданы Алғабас совхозының Жарлысу бөлімшесінде дүниеге келген.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы Жарлығымен "Тәуелсіздікке 10 жыл" мерекелік медалімен, 2003 жылы ел Президентінің 8 желтоқсандағы Жарлығымен "Ерен еңбегі үшін" медалімен, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы Жарлығымен "Тәуелсіздікке 20 жыл" мерекелік медалімен марапатталған.

2012 жылы "Парыз" медалімен, 2012 жылғы 5 желтоқсандағы Жарлығымен "Құрмет" орденімен марапатталса, 2012 жылы 13 наурызда ІІІ дәрежелі "Еңбек даңқы" белгісімен, 2013 жылғы 31 қазанда "Ауыл шаруашылығы саласының үздігі" төсбелгісімен марапатталған. 2014 жылы 7 ақпанда "Ұлт даңқы" орденін кеудесіне тақты. 

"Шәушен" шаруа қожалығы "Парыз-2012" бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі конкурста "Жылдың үздік әлеуметтік жобасы" номинациясы бойынша күміс жүлдегер атанды.

2018 жылы “Қазақстанның Еңбек Ері” атағын алды.

Сондай-ақ, ол Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық, гуманитарлық дамуына ерекше үлес қосқаны үшін, аса белсенді қызметі үшін жоғары дәрежелі ерекшелік - “Алтын Жұлдыз” бен “Отан” ордендерінің иегері.

Өзгелердің жаңалығы