БЖЗҚ: Ең төменгі күнкөріс көлемі екі есе артты

3 Желтоқсан 2021, 11:29
2515
Бөлісу:
БЖЗҚ: Ең төменгі күнкөріс көлемі екі есе артты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл қаңтарда ҚР «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң күшіне енді.

Заңға сәйкес азаматтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту, емделудің ақысын төлеу, сондай-ақ жеке басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру үшін пайдалану құқығы берілді.

Бұл құқықты зейнетақы жарналарын тұрақты және толық көлемде аудару есебінен ең төменгі жеткіліктілік шегінен (әрі қарай – ТЖШ) асатын және болашақта ең төменгі зейнетақы мөлшерінен кем емес зейнетақы төлемдерін алуға мүмкіндік беретін жинақтарын қалыптастырған салымшылар пайдалана алады.

Азаматтардың пайдалануы үшін қолжетімді зейнетақы жинақтары тек міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын ғана емес, сондай-ақ оларды инвестициялаудан алынған инвестициялық табысты да қамтиды.

ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңында: «зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілігінің шегі - Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен әдістемеге сәйкес айқындалған, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төмен зейнетақы мөлшерінен кем емес ай сайынғы зейнетақыны қамтамасыз ету үшін қажетті міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының ең төмен мөлшері» деп айқындалған.

ТЖШ айқындау әдістемесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылдың 2 қазанындағы №1042 қаулысымен (2021 жылдың 6 қаңтарындағы өзгерістерімен және толықтырулармен) бекітілген.

Сонымен қатар әдістемеге сәйкес ТЖШ мөлшері әрбір жас ерекшеліктері үшін есептеледі және болашақ зейнетақы төлемдері мен зейнетақы жарналарының өсуін (индекстелуін) ескереді. Бұл ретте Қазақстан Республикасының «Республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес, жыл сайын индекстелетін ең төменгі жалақы (ЕТЖ), ең төменгі зейнетақы (ЕТЗ), ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) сияқты әлеуметтік көрсеткіштер қолданылады. Осыған байланысты ТЖШ мөлшерін есептеу жыл сайын аталған көрсеткіштердің өсуін ескере отырып жүргізіледі.

Әдістемеге сәйкес ТЖШ анықтау үшін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұсынысы бойынша және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің келісімі бойынша жыл сайынғы негізде қабылданатын көрсеткіштер пайдаланылады.

2022 жылға әлеуметтік көрсеткіштер мөлшері ұлғайтылғандықтан (атап айтқанда, ЕТЖ мөлшері 2021 жылы 42 500 теңгеден 2022 жылы 60 000 теңгеге дейін (немесе 41%) өсті.) 2022 жылға ТЖШ мөлшері де көбейтілді.

БЖЗҚ: Ең төменгі күнкөріс көлемі екі есе артты


Өзгелердің жаңалығы