Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Facebook-тегі ресми парақшасында «Елордадағы эпидемиологиялық жағдай және «Ashyq» пилоттық жобасының жүзеге асырылу барысы» тақыбыры аясында өткен онлайн брифинг барысында Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова айтты.
Спикердің айтуынша, вирус жұқтырғандар көбіне егде жастағылар мен жасөспірімдер арасында анықталуда.Елордадағы эпидемиологиялық жағдай әлі де тұрақсыз. Қала бір жарым ай бойы «қызыл» аймақта тұр. Күніне 300-ден 600-ге дейін жағдай тіркеледі. 2021 жылдың басынан бері қала бойынша ауырғандар саны 60 мыңнан асты. Соңғы 6 күнде қалада 100 мың тұрғынға шаққандағы апталық сырқаттанушылық көрсеткіші 320-дан 285-ке дейін аздаптөмендегені байқалды. Қазігі уақытта қалада белсенді ошақтар саны – 2553. Медициналық бақылауда 5572 байланыста болған адам бар, - деді ол.
Дәрігер вирус жұқтырудағы негізгі себеп – азаматтардың қарапайым санитарлық ережелерді сақтамауы болып отырғанын айтты.Бұдан бұрын хабарланғандай, вирус жұқтырушылар көбінесе егде жастағылар арасында тіркелуде (79,7%). Балалар арасындағы көрсеткіш – 17,4%, жасөспірімдер арасындағы көрсеткіш – 2,9%. Ересектер арасындағы вирус жұқтыру көрсеткіші 30-39 жастағылар арасында байқалуда, - деді ол.